Жауыздықпен өлтірілген оқушының өгей шешесі негізгі жоспарын ашық айтты
Алматы облысы қылмыстық істер бойынша мамндандырылған ауданаралық сотта 11 жастағы оқушының өлімі туралы іс бойынша басты сот талқылауы жалғасуда. Қылмысты ұйымдастырған күдікті, баланың өгей шешесі сот алдында жауап берді.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.
“Оны өлтірген Темір мен Қадыржан, екеуі кейін Шымкентке кетіп қалды. Мен оларға өлтіру құралы салынған пакетті берген жоқпын. Баланы өлтіріп, мәйітін бөлшектеңдер деген де мен емес. Бәрі белгілі болған кезде, мен екеуіне хабарласып, Алматыға қайтыңдар дедім. Кейін олар полицияға ұсталды”, — деді баланың өгей шешесі.
Темір Ақбердиев пен Қадыржан Гүләмов 11 жасар баланы не үшін өлтірді деген сұраққа Шәрипа жауап бере алмады, бірақ өзінің енесі Бағдагүл Есенбекованы өлтіргісі келгенін мойындады.
“Бұл туралы Темір мен Кәдіржанға айтып едім, олар келісті. Бірақ оны өлтіруге мүмкіндік болмады. Ал, олар Өркенді өлтіру үшін аңдыған жоқ. Оған қарайлап жүрсін деп, баланы көрсетпек болғам. Бұдан бұрын олар Өркеннің өгей балам екенін білмейтін”, — деді сотталушы.
Жәбірленуші тараптың адвокаты Айман Омаров айтып өткендей, Қадыржан Гүләмов, Темір мен Айдана Ақбердиевтер жасаған қылмысын мойындаған. Адвокаттың сөзіне сүйенсек, Шәрипа Ақбердиева балалары мен Гүләмовке сотта кімнің не айтуы керектігі жайлы хат жазып отырған.
“Бұл хатты Гүләмовке жазыпты. Бәрін өзінің ұлы Темірге жап деген екен. Екінші хат Айданаға жазылған. Онда бәріне Гүләмовті кінәлап, анамның еш қатысы жоқ десін деген. Яғни, оларды бір-біріне айдап салуға тырысыпты”, — дейді адвокат.
Бұған дейін хабарланғандай, баланың өгей шешесі бұл қылмысқа енесі мен күйеуінен өш алу үшін істегенін айтқан. Өркеннің туған анасы да ұлының өліміне қатысты мәлімдеме жасаған болатын.
Оқи отырыңыз:
Анасының қалауымен 9 жас үлкен азаматқа тұрмысқа шыққан қыз әрекеті үшін өкінді
Көңілдес: Келіншегінің де, менің де аяғым ауыр
Күйеуі денесінің 50 шақты жерін көгерткен келіншек үйіне қайтуға қорқып қалған
Желі арқылы тансықан жігіті зорламақ болған қыз басынан өткен жағдайды баяндап берді