Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашын, тұман мен аяз: Қазақстанда алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстан бойынша алдағы 5 - 7 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: fotokto.ru

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы сақталады. Жаңбыр жауып, оңтүстік өңірлерде найзағай байқалады деп болжанады. 

7 қыркүйекте еліміздің солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, республиканың шығысында және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Тек елдің батысында жауын-шашынсыз ауа-райы болады деп болжанған.


"Температура әдеттегіден төмен болады": Синоптиктер Қазақстан бойынша күзге арналған ауа райы болжамын жариялады


Қазақстан бойынша желдің күшеюі болжанады. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік, шығыс, орталық аймақтарда тұман күтіледі. 7 қыркүйекте солтүстікте, шығыста және орталықта, 8 қыркүйекте Қостанай облысында, еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында топырақ бетінде 3 градусқа дейін үсік болады деп болжанған.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда қыркүйек айына арналған ауа райы болжамы жарияланған еді.

Талқылау