"Жауапкершілік жоқ, халықты сыйлауды қойған": Нұрболат Абдулин тағы да сынның астында қалды (видео)

Әннің сөзін ұмытып қалған Нұрболат Абдулин сынның астында қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде өнер иесінің әннің мәтінін ұмытып қалған бейнежазбасы тез тарады. Нұрболат Абдулин махаббат жайлы қазақша ән айтып келе жатып, сөзін ұмытып қалады да, артынша орыстың әуені шамалас әнін іліп алып кетеді. Бұл бейнежазбаны көрген жұрт ашуға булығып, әншіні сынап тастады.

«Жауапкершілік жоқ, халықты сыйлауды қойған. Концерт беру үшін тыңғылықты дайындалып шықпай ма? Сахнаға шығып білгендерін істеп жатыр. Алла бұлардың жазаларын берсін», «Ақырзаман боларда әнші көбейеді», «Әншінің сөзін ұмытып қалуы модаға айналды», - деп кері пікір білдіріп, әншіні сөкті жұрт.

Алайда Нұрболаттың бұл қылығын «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» деп қабылдағандар да аз болмады. Олар әншіге қолдау көрсетіп, келесі жолы мұндай қателік істемейді деп ақтады.

«Жанды дауыспен айтып тұр. Фонограммамен айтып тұрса қайтер едіңіздер? Есесіне келесі жолы шынығады», «Несі бар, халық қабылдап отыр. Қазақтың біртуар ұлы осындай-ақ болсын. Тырнақ астынан кір іздегенді қашан қоямыз? Қуана білмегенге құт, бағалай білмегенге бақ қонбайды деген. Сол үшін бір-бірімізді бағалай білейік» деп Нұрболатты тыңдармандары қолдады.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр