Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаттықтырушылар мен спорт шеберлері: Антикор бірнеше жалған спортшыларды атақтарынан айырды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бірнеше жалған спортшылардың спорттық атақтарынан айырылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, 17 облыста жаттықтырушылық, оқытушылық және спорттық қызметпен айналысатын тұлғалардың жалған дипломдарды пайдалануының 260-тан астам фактісі анықталған.

"Спортшы Арман Әшімовтің жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын заңсыз алған бірнеше адам туралы айтқан ақпаратына тоқталдық. Тергеу қорытындысы бойынша бұл тұлғалар аталған атақтарынан айырылды, оларға бұл атақты берген тұлғалар сотталды", – деді Биғайдаров. 


Түркиядағы қымбат курортта демалып, ақшасын төлемеген: "Каспий" футбол клубы халықаралық жанжалға себеп болды


Биғайдаровтың хабарлауынша, барлық материалдар ішкі істер органдарына өткізіліп, 180 адаммен еңбек шарты бұзылған.

Еске салсақ, бұған дейін "Астана" футбол клубы соңғы 6 жылда мемлекеттен 50 миллиард теңге алып, Дубай мен Түркиядағы сапарларға миллиардтап қаржы жұмсағаны туралы жазған едік. 

Талқылау