Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жасы отызға таяған Луина тұрмысқа шығуға асығып жүргенін айтты

Күні кеше 29 жасқа толып, туған күнін дүркіретіп атап өткен Луина тұрмысқа шыққысы келіп жүргенін айтты. Мұнымен қатар, сәбилі болуды жоспарлап жүрген-ді.

image

Фото: instagram.com/luinaofficial/

Бұл туралы “Гәкку” арнасы хабарлайды.

Жасы отызға таяған Луина дәл қазір алдына қойған басты мақсатымен бөлісті. Ол заңды түрде некелескісі келетінін жеткізді. Мұнымен қатар, отбасын құра салысымен балалы болуға асығатынын айтып өтті.

“Менің дәл қазір алдыма қойған басты мақсатым – заңды түрде некелесу. Бірнеше баланың анасы атану. Мұнымен қатар, тамаша хиттер жазып, тыңдармандарымды қуантқым келеді. Ең бірінші кезекте, әндерім халықтың жүрегіне жетсе екен деймін. Ал бүгін атап өтіп жатқан туған күніме қазақтар әдеттегідей кешігіп келіп жатыр”, – дейді әнші.

Десе де, бес жылдан бері азаматтық некеде бірге тұрып жатқан сүйіктісі әншіге әзірге ұсыныс жасамаған.


Оқи отырыңыз:

Луина 29 жасқа толған туған күнін достарымен бірге атап өтті (фото, видео)

Луина журналистің өзіне маскүнем деп жала жапқанына ренжулі

Әнші Луина тыңдармандарының сынына бола төсіне ота жасатпақ

Тыңдармандары Луинаға киімсіз жүруге кеңес берді

Талқылау