"Жастық шағының күшін арнады": Тамара Асар күйеуін жеңісімен құттықтады
Танымал әнші Тамара Асар күйеуінің жетістігін көрсетіп, көпшіліктен сүйінші сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/tamara_assar_official/
Өнер иесінің жолдасы "Астық" зауытының иесі.
“Бапасы” – Жұмаш Айтжанұлы. Бала күнгі арман-мақсатыңызды ұштастырған, жастық шағыңыздың албырт күшін арнаған өндірісіңіздің тарихқа енуі құтты болсын! Біз сіздің жетістіктеріңізге қуанып жүре берейік! Әке-шешеңіз тірі болғанда марқайып, мақтанып ағайын туысқа өздері хабарласып отырар еді… Әттең… “Made in Kazakhstan. Brands of Kazakhstan” кітабы – ел тарихындағы қазақстандық брендтер туралы алғашқы жинақ. Кітапта Қазақстандағы 30-дан астам жетекші компаниялардың брендтері топтастырылған. “Астық” зауыты да еніп, қуанып отырмыз. Шын жүректен құттықтаймыз! Қазақстан эконимикасына толағай табыстар әкеле беріңіздер! Отандық өндірістегі машина жасау саласына еңбектеріңіз сіңе берсін! Биік белестерді бағындыра беріңіздер!”, – деп жазды әнші.
-
"Ат-түйенің құнындай": Тамара Асар 10 жыл бұрынғы сахналық көйлегін көрсетті
-
"Мектепте еден жудым": Тамара Асар студент күнінде қиналған сәтін есіне алды
Еске салайық, өнер иесі бір аптаның ішінде тұрмысқа шығып кеткенін айтқан еді.
"Танысар сәтте "қандай әдемі әйел, мына әйелге мен үйленемін" деп айтып қалған сөзінің соңынан жеті күнде келіп, неке сақинасын салып тұрып, ұлым Қамбарға офлайн яғни қасымда отырып, әкем тірі кезі еді, оған онлайн видео қоңырау шалып "Біз үйленіп жатырмыз" деді. Әкем рұқсатын берді”, – деген еді эстрада жұлдызы.