Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жастарымыздың санасы сергек, еті тірі, ширақ болуы қажет": Тоқаев Қазақстан жастарын шетелге барып жұмыс істеуге шақырды

Президент Алматы жұртшылығымен кездесу барысында халқымыз осындай күрделі заманда ең алдымен әлемге прагматикалық көзбен қарау керектігін айтып, жастарды шетелде жұмыс істеуге шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Мен академик Асқар Жұмаділдаев айтқан пайыммен толық келісемін. Халқымыз осындай күрделі заманда ең алдымен әлемге прагматикалық көзбен қарау керек. Бос әңгімелерді тоқтату керек. Мысалы, “Шыңғыс хан қай рудан шықты” деген талас-тартысты қою керек деп ойлаймын. Қазіргі таңда зиялы қауімнің кейбірі шетінен тарихшы, шыңғыстанушылар болып кетті. Мұның қоғамымызға пайда әкелеріне күмәнім бар”, – дейді президент.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы жастарымыздың санасы сергек, еті тірі, ширақ болуы қажет екенін айтты. 

“Көрші мемлекеттердегі жас азаматтар шетелге барып, кәсіпорындар, дүкендер ашып жақсы өмір сүру үшін жаңа дағдыларды игеруде. Олар шын мәнінде, бәсекеге қабілетті, еңбекқор адамдар. Қазіргі жағдайда мен бір жерде өмір сүремін, туыстарыммен өмір бойы бірге тұрамын деген ұғым әбден ескірген. Сондықтан құрметті ағайын бәріміз озық болайық. Сонда ғана жастарымыздың көз ашық, көкірегі ояу, ойлары ұшқыр болады. Көптеген сын-қатерге төтеп бере алады. Өз жағдайын өздері жасап, жақсы өмір сүре алады”, – дейді Тоқаев.

Талқылау