Жасөспірімдер 4-қабаттан құлаған әйелге көмектесудің орнына күліп, оны телефонға түсірген
Полиция 4-қабаттан құлап бара жатқан әйелге көмектесудің орнына, оған күле қараған жасөспірімдердің үстінен тергеу жұмыстарын жүргізді.
Бұл туралы “Комсомольская правда” хабарлайды.
Жасөспірімдер құлап бара жатқан әйелге көмектесудің орнына, оның үстінен күле қараған. Бұл оқиға желідегілерді шулатты.
Әйел бір минуттай құламай шыдап бағады. Осыдан кейін ол 4-қабаттан құлап кетеді. Сол кезде ғана тұрғындар жедел жәрдем шақыртады. Жасөспірімдерге қатысты тергеу амалдары жүргізілгенімен, олар қылмыстық немесе құқық бұзушылық жауапкершілікке тартылмайды. Олар тек куәгердің рөлін атқармақ.
Дәрігерлердің айтуынша, әйелдің жағдайы қанағаттанарлық. Оның терезеден құлап кетуіне күйеуі екеуінің арасындағы жанжал себеп болған екен. Ол күйеуін өмірімен қош айтысатынын айтып қорқытқан. Ақыры терезеден шығып, үйге қайта кіре алмай қалған. Қазіргі таңда күйеуінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Жіберіп алмаңыз:
6 қылмыскер жасөспірімді тікелей эфирде зорлады
“Эйр Астана” ұшағы өшіп тұрған қозғалтқышпен қонуға мәжбүр болды