Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жасөспірім терезеден құлап кеткен бүлдіршінді қағып алды (видео)

Ыстамбұлда 17 жастағы жасөспірім терезеден құлап кеткен 2 жасар қызды қағып алып, құтқарып қалды.

Жасөспірім терезеден құлап кеткен бүлдіршінді қағып алды (видео)

Оқиға Фатих ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде орын алған. Жасөспірімнің бүлдіршінді құтқарған сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі TRT Haber басылымына сілтеме жасап. 

17 жастағы жасөспірім оқиға кезінде аулада достарымен жүрген екен. Бір кезде ол жоғарыға басын көтеріп, ашық тұрған терезенің шетінде отырған кішкентай қыздың құлап кеткенін көреді. Ол үйдің жанына жүгіріп барып, қолын тосып, бүлдіршінді қағып алған. 

Өз кезегінде қыздың әкесі оны құтқарып қалған жасөспірімге алғыс білдіріп, ақша сыйлады. Ертесі күні отағасы қой сойып, үй ауласында қызының аман қалғанын мерекелепті.

Талқылау