Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жасөспірім ақша үшін тірі анасының жерлеу рәсімін өткізген

Таиландта Удонтхани провинциясында 18 жастағы жасөспірім ақша үшін тірі анасын өлді деп айтып, жерлеу рәсімін ұйымдастырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Thethaiger.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Thethaiger.com

Удонтханиде баланың мұғалімі әкімдік қызметкеріне телефон соғып, оқушысының анасы қайтыс болғанын хабарлаған. Үкімет қызметкері бұл туралы ештеңе білмегендіктен таң қалды.

Айс есімді жігіт анасы Бангкокта қайтыс болды және оның сүйегі үйге жеткізілді деп айтқан. 

Еске алу рәсіміне баланың мұғалімі мен сыныптастары қатысып, оған қолдау көрсету үшін ақша жинаған. Айс желідегі парақшасында салтанатты рәсімнен фотоларды жариялап, анасы өте қарапайым болғанын жазды.

22 наурызда әкімдік басшысы мектеп оқушысының үйінде барды. Айс пен атасы-әжесі табыттың қасында отырды. Алайда әкімдік басшысы жігіттен анасы қайтыс болғанын сұрағанда, ол жауап бере алмай, оның тірі екенін, "Исан өңірінің салт-дәстүрін зерттеу" мақсатында рәсімді жасағанын мойындады. Сондай-ақ еске алу рәсімін мұғалімнің үй тапсырмасы ретінде орындағанын айтты.

Шенеунік табытты ашып, ішінен банан ағашының діңін тапты. 

Келесі күні жігіт табытты өртеп жіберді, бірақ желіде рәсімнен фотолар мен анасына арналған қоштасу сөздерін жариялады. Ауыл тұрғындары Айс достары мен көршілерінен ақша алу үшін осындай алаяқтық жасады деп күдіктенген. Осыдан кейін жігіт монастырьге қашқан.

Айстың әжесі немересін жақтап, көріпкелдің кеңесі бойынша жалған жерлеу рәсімін жасағанын айтты. 

Жігіттің көңіл айтудан нақты қанша ақша жинағаны белгісіз.

Талқылау