Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жасөcпірімдер арасында Азия чемпионатына қатысатын боксшыларымыз белгілі болды

Біріккен Араб Әмірліктерінде бокстан жасөспірімдер арасында өтетін Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ҰОК

27 тамыз күні Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Айн қаласында бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты басталады. Қазақстан атынан жарысқа қатысатын қыздар құрамасының тізімі белгілі болды. Назарларыңызға Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын бұрымды боксшылардың тізімін ұсынамыз. 

2008-2009 ж.т жасөспірім қыздар құрамасы:

46 келі. Мадира Жұмахан

48 келі. Айым Танкибаева

50 келі. Сила Биболсынқызы

52 келі. Жамиля Болатбекқызы

54 келі. Шырын Мәнәпова

57 келі. Айғаным Қадырхан

60 келі. София Ващенко

63 келі. Алина Кудайгенова

66 келі. Айсұлу Мұхит

70 келі. Камила Оспанова

75 келі. Зарина Толыбай

80 келі. Айдана Убайдуллақызы

+80 келі. Сабина Жақсылық

Айта кетейік, Алматы облысындағы жаңа Олимпиадалық даярлық орталығында екі жас дәрежесі бойынша боксшы қыздардың оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр.

Талқылау