Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жасырмайтын болыпты ғой": Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы делінген келіншек әзілкештің концертінде жүр

Айман Қабатова желіні жардыФото: https://www.instagram.com/t_a_d_d_s_

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі ретінде танылған Айман есімді келіншек әлеуметтік желідегі парақшасына видео жүктеп, қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан оның Тұрсынбектің гастрольдік сапарларының біріндегі концертте отырғанын байқауға болады. Кадрларда тіпті әзілкештің өзі де көрінеді. Бұл видео халықты дүр сілкіндірді. 

Ол сондай-ақ видеоға жазба қалдырған.

“Әр нәрседен қашан да мін іздейтін адамдар-ай”, – деп жазған ол.

Айман Қабатова желіде қызу талқыға түстіБұған желі қолданушылары түрлі пікір қалдырып жатыр. 

“Өзіңіздің жасағаныңызды дұрыс көріп отырсыз ғой, өмір алма-кезек екенін ұмытпаңыз”, “Не деген ақылды мынау”, “Күлкім келіп отыр. Ұят түгілі, түйсік жоқ болса да қиын екен ғой. Өзі ұл-қыз өсіріп отыр”, “Қасынан қалмайды екен”, “Рас па сонда? Пиар деп жүрсек”, “Өз жұмысың жоқ па”, “Ашықтан ашық көрсетейін деді ме”, “Жасырмайтын болыпты ғой”, – деп жазған олар.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтар Тұрсынбек Қабатовтың экс-әйелінің фильмін сынап тастағаны хабарланған еді.

Еске салайық, продюсер Мөлдір Мұқанова әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен заңды түрде ажырасып кеткенін мәлімдеді. Оның сөзінше, 14 жыл бұрын әзілкештің көңілдесі пайда болған. Сондай-ақ продюсер Тұрсынбек Қабатов балаларын бұғаттап қойғанын айтты.

Продюсердің сұхбатынан кейін желі қолданушылары Тұрсынбек Қабатовқа бойкот жариялауға шақырды. Оған қоса, Желі қолданушылары Тұрсынбек Қабатовтың Instagram желісіндегі парақшасында түрлі пікір қалдырып жатыр.

Кейінірек Тұрсынбек Қабатов экс-әйелінің сұхбатына жауап берді.

Балнұр Жұмаділла
Сәрсенбі, 03 Желтоқсан, 2025 18:13