Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жасы Жерден де үлкен": АҚШ-та метеорит үйдің үстіне құлады

Метеорит құлады

Фото: BBC

НАСА 26 маусым күні Джорджия штатында күндіз аспанда метеорит ұшып, кейін жарылғанын растады. Ғалымдар үйдің үстіне құлаған метеориттің Жер планетасынынан да үлкен екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Джорджия университетінің зерттеушілері Макдоно қаласындағы үйдің шатырын тесіп өткен тас сынығын зерттеді. Сөйтіп оның 4,56 миллиард жыл бұрын пайда болғанын анықтады. Бұл оны Жерден шамамен 20 миллион жылға үлкен екенін көрсетеді.

Джорджия мен көршілес штаттардың жүздеген тұрғыны метеориттің ұшып түсіп, жарылғанын көрген.

Ұшып келе жатқан метеориттің көлемі мен жылдамдығы тез азайған, бірақ Генри округіндегі үйдің шатырына түскенде оның жылдамдығы кемінде секундына 1 шақырым болды. 

Ғимаратқа түскен көптеген сынықтар ғалымдарға беріліп, олар олардың шығу тегін зерттеді. Джорджия университетінің геологы Скотт Харрис пен оның тобы оптикалық және электронды микроскоптың көмегімен метеорит түрін анықтады.

“Бұл — ең көп таралған тас метеорит түрі саналатын хондрит. Ол шамамен 4,56 миллиард жыл бұрын пайда болған”, – делінген NASA деректерінде.

Нысан құлаған үйдің айналасынан метеориттің ұсақ бөлшектері табылып жатыр. “Макдоно метеориті” деп аталған бұл нысан — Джорджияда табылған 27-метеорит.

“Бұрын мұндай жағдайлар бірнеше онжылдықта бір рет болады, ал қазір 20 жылда бірнеше рет қайталанып жатыр. Заманауи технологиялар мен халықтың қырағылығы бізге метеориттерді көбірек анықтауға көмектеседі”, – деді Скотт Харрис.

Харрис астероидтың құрамы мен жылдамдығы туралы өз қорытындыларын жариялауға ниетті, өйткені бұл басқа аспан денелерінің қаншалықты қауіпті екенін түсінуге көмектеседі.

“Бір күні біз білмейтін уақытта бір үлкен нәрсе құлап, апатты жағдай туғызуы мүмкін. Егер біз одан қорғана алсақ, оны барынша жасап көргіміз келеді”, – деді ол.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 11 Тамыз, 2025 11:35
Талқылау
`