Жасанды интеллектіні директорлыққа сайлаған "Самұрық-Қазынаның" басы дауға қалды

"Самұрық-Қазына" қорының директорлар кеңесіне жасанды интеллект SKAI мүше болып сайланды. Алайда бұл шешім миноритарлық акционерлер қауымдастығы мен мемлекеттік органдар арасында сұрақ тудырып, қаржы нарығын реттеу агенттігінен түсіндірме талап етіліп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жасанды интеллектті директорлыққа сайлаған "Самұрық-Қазынаның" басы дауға қалды. Басшылық кеңесіне мүше болып, дауыс беру құқығын иеленген SKAI атты нейрожеліге мемлекеттік органдардың сұрағы көп. Оның қызметіне әсіресе Қазақстандағы миноритарлық акционерлер қауымдастығы күдікпен қарайды.
Бағалы қағаздар мен қаржы мәселелеріне жасанды интеллекттің араласуы "тәуекелдерге әкелуі мүмкін" деп санайтын қауымдастық Қаржы нарығын реттеу агенттігінен түсіндірме беруді талап етті. Әзірге агенттік ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
Айта кетейік, SKAI атты жасанды интеллекттің "Самұрық-Қазына" директорлар кеңесіне мүше болғанын қордың өзі қазанда хабарлаған еді.
"Самұрық-Қазына" SKAI-ды директорлар кеңесіне енгізу арқылы холдингтің цифрлық трансформациясын және тиімділігін арттыруға ниетті.
"SKAI-ды қордың директорлар кеңесінің мүшесі ретінде енгізу – холдингтің цифрлық трансформациясына бағытталған стратегиялық қадам. Бұл Қордың тиімділігін, ашықтығын және тұрақты дамуын арттыру үшін жасанды интеллектінің озық мүмкіндіктерін пайдалануға мүмкіндік береді", – деп пікір білдірді компания.
Әлемдегі алғашқы толық дауыспен басқарылатын смартфон Қытайда таныстырылды
Қазақстанда 2 миллиард доллар тұратын ең ірі ЖИ орталығы ашылады
Еске салайық, бұған дейін Жапонияда жасанды интеллект партия жетекшісі болып тағайындалғанын жазған едік. Қаңтар айында құрылған "Жаңғыру жолы" партиясын бастапқыда батыс Жапониядағы шағын қаланың бұрынғы мэрі Синдзи Ишимару басқарған еді. Бұл партияның нақты бағдарламасы жоқ, әрбір мүше өз саяси жоспарын өзі құра алады.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды