Жасанды интеллект ескі купюралардағы Қазақстан қайраткерлерінің бейнесіне жан бітірді
Жасанды интеллект ескі 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелерде бұрын бейнеленген Қазақстан қайраткерлерінің портреттерін қалпына келтіруге көмектесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: видео кадрларынан скрин
Жоба авторы Бақдәулет Бекжанов заманауи технологияларды пайдалана отырып, бейнелерге айқындық, шынайылық қосып, жаңа өмір сыйлады. Түпнұсқа картиналардың болмауына байланысты нәтижелер әртүрлі болды. Бірақ олардың барлығы тарихи контекстті сақтап қалды.
Жоба авторының айтуынша, бұл жобада ЖИ қолдану мәдени мұраны қалпына келтірудегі технологияларының әлеуетін көрсетеді. Бұл ескі кескіндердің сапасын жақсартып қана қоймай, оларды зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл бірегей жоба жоғалып бара жатқан портреттерді қалпына келтіріп, айналымнан шығарылған банкноттармен бірге бейнелері ұмытылған көрнекті тұлғаларды еске түсіреді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"