Жас жұбайлар "Титаник" фильміндегі көріністі қайталаймыз деп суға батып, мерт болды
Үндістанда қалыңдық пен күйеу жігіт үйлену алдындағы фотосессия кезінде Титаник фильміндегі әйгілі көріністі қайталауға тырысты. Алайда бұл түсірілім соңы қайғылы аяқталды. Жас жұбайлар суға батып кетті.
28 жастағы Чандру мен 20 жастағы Шашикаланың үйлену тойы 22 қарашада өтуі керек еді. Жас жұбайлар туыстарымен бірге Кавери өзенінің жағасында әдемі фотосессия ұйымдастырмақ еді.
Олар екі қайықты жалға алды. Қайық жағадан 30 метрдей жүзе салысымен, қалыңдық пен күйеу жігіт «Титаник» сахнасындағыдай суретке түсуге тырысты. Олар фильмдегі Леонардо Ди Каприо мен Кейт Уинслеттің кеменің басында тұрып құшақтасқан сәтін қайталамақ еді.
Шашикала биік өкшелі туфли кигендіктен, тепе-теңдікті жоғалтып, қайықтан өзенге құлап түсті. Чандра сүйіктісін құтқаруға тырысты, бірақ қайық аударылып, күйеу жігіт те суға батып кетті.
Қайықта балықшы мен күйеу жігіттің туыстарының бірі болған. Балықшы жағаға жүзіп жетті. Ал туысын жағадағы адамдар құтқарды. Олар дереу полицияға барды. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары судан қаза тапқандардың денесін алып шықты.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауда.