Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жас жігіт жұмысына макияж жасап баруға рұқсат бермейтінін айтып шағымданды

Жас жігіттің желіде жазған посты мыңдаған лайк жинады. Currys PC World дүкені жігіттен ресми түрде кешірім сұраған.

makeup-03

Британияның Уэйкфилд қаласында 20 жастағы Скотт Лапланш желідегі парақшасында оған жұмысындағылары макияж жасап баруына рұқсат бермейтінін айтып пост жазды.

Ол қыздардың өз қалауынша жұмысқа боянып келетінін айтқан. Жігіттің айтуынша, өзң үнемі жұмысқа боянып барып жүрген. Алайда басшылары сөгіс жариялап, макияжын жудырып тастаған.

«Мен таңғалып қалдым. Маған макияжымды жу деді. Шедевр дүниені қалайша өшіруге болады?», – деп жазады жігіт.

Жігіттің постына мыңдаған лайк басылған соң оның жұмыс орны ресми түрде кешірім сұраған. Олар өзара келісімге келген сыңайлы.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстанда азаматтарды уақытша тіркеу ережесіне өзгерістер енгізілді

Шымкенттегі аурухананы тарақан басқаны соншалық тоңазытқыштың ішінде өріп жүр (видео)

Қазақстандықтар Конституция күні мен Құрбан айт мерекесіне орай қай күндері демалады

Талқылау