Жас жігіт жалға алған ойын приставкаларын базарға апарып сатқан
Алматыда үлгілі отбасынан шыққан алаяқ ұсталды.
Қалалық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, жас жігіт ғаламтор сайтынан «Сони» маркалы приставкаларын жалға алып, оны базарда сатқан. Алаяқ жігіт 3 ойын приставкасы мен 1 теледидарды заңсыз сатып, 200 мың теңге пайда тапқан.
«Күдікті өз кінәсін мойындады. Ақша керек болған соң осындай әрекетке барғанын айтты. Өзі толыққанды отбасынан шыққан. Әке-шешесі, үйі, білімі бар. Бұған дейін қылмыстық іс тіркеуінде жоқ. Жастардың, ақша үшін қандай да қадам жасауға ұялмайтыны қынжылтады. Олар, оңай жолмен келген ақшаның соңында заң алдында өзі жауап беретінін ұмытпауы керек», -дейді Алмалы аудандық ІІБ басшысы, полиция подполковнигі Данияр Меңдебаев.
Алаяқ жігіт 1994 жылғы. Ол Алматы облысының тұрғыны болып шықты. Қазір уақытша тергеу абақтысынада.
ІІД баспасөз қызметі аталған адамнан зардап шеккендер болса, 254-46-00; 254-46-01 немес 254-46-12 нөміріне хабарласуды сұрайды.
Тағы да оқыңыз:
Баланың құлағынан құрттарды алып жатқан видео қазақстандықтарды шошытты
Шымкентте ер адам 15 жыл отасқан әйелін буындырып өлтірді
Қазақ қызы: Ер адамдарға қол беріп амандаспайтынымның себебі – тазалықта