Жас жігіт теракті туралы әзілдеймін деп 2 жылға сотталып кетті
Рудный қалалық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес (террозим туралы жалған ақпарат таратқаны үшін) 23 жастағы Ерлан Ақмырзаевқа қатысты үкім шығарды.
Фото: GrandWallpapers.net
Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.
Сотталған азамат лифтке маркермен: “Сіздер 5 қыркүйекте өлесіңдер”, “бүгін үйіңізде бомба жарылады” деп жазған.
Мұндай хабарламаны көрген Ленин көшесі, №70 үй тұрғындары 4 қыркүйек сағат 22:00-ден 5 қыркүйек 17:00-ге дейін үйден шығарылды.
Олар қорқып, бір тәулік үйіне кіре алмады, деп хабарлайды Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі. Сотқа дейінгі іс жүргізу барысында прокурор мен сотталушының арасында процессуалды келісім жасалды.
Сот Е. Ақмырзаевты екі жыл бас бостандығынан айырып, жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейді деген үкім шығарды. Бұдан басқа, сотталған азамат үш миллион теңге шамасында хабарламаны тексеруге шыққан қызметкерлердің материалдық шығындарын өтеу керек.
Талқылау