Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жас келіншек өзін кінәлауға дайын тұратын қайын әпкесі туралы айтып жылады

Жас келіншек қайын әпкесінің жөнсіз ұрысатын әдетінен әбден мезі болғанын айтып жатыр. Жуырда ол келіншекті сәбиінің ауырып қалғаны үшін кінәлап, түрлі боғауыз сөздер айтып ренжіткен екен. Енді келіншек ауруханадан шыққан соң қай үйге барарын білмей жүр. Себебі, анасы күйеуінің үйіне баруына қарсы болып отыр. Ал өзі күйеуінен айырылып қаламын деп қорқады.

6c8cc67c69855f27cc539b95ac19fe70

Бұл туралы “Үшбу хат” парақшасында жазылды.

“Былтыр 21 жасымда ұзатылып, жігітім үлкен той жасады. Ол өте жақсы адам. Ауылдық жерде ата-енеммен бірге тұрамыз. Күйеуім екеуіміз мектепте мұғалімбіз. Жуырда, Аллаға шүкір, ұл бала босандым. Бірақ, екі айдан бері ауруханада жатырмыз. Жүрегі мен бауырында ақау бар екен. Ұлым өте әлсіз. Туған кезде 2 200 гр салмақпен туған еді. Енді қайын әпкем хабарласып, баланың ауырып қалғаны үшін мені кінәлап жатыр.

“Кезінде қалай болса, солай жүре бергенсің өзіңді күтпей. Тәрбиесіз, көргенсіз, ақымақ қыз” дейді.  Мен жылап қала бердім. Бұл туралы жігітіме айтсам, “Өзің сөз қайтарған шығарсың?!” деп ұрысып тастады. Ақыры шыдамай барлығын анама айтып бердім. Ол кісі мені үйден шығарып алып, төркініме алып кетпек. Енді күйеуімнің үйіне жібермей қоймақ. Шыдамның да шегі бар емес пе?! Оның үстіне балам қатты ауырып, өзім қиналып кеттім. Артық сөз көтере алмайтын жағдайға жеттім”, – дейді келіншек.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Өзгені сүйіп қалған жас келіншек күйеуімен қайтып айырылысарын білмей жүр

Анасына протез сұрап хат жазған 6-сынып оқушысы жұрттың жүрегін елжіретті

Психолог ер адамның не себепті опасыздық жасайтынын түсіндірді

Шымкенттік әйел өзін дуалап, күйеуімен ажырастырған құрбысы туралы айтты

Талқылау