Жас келіншек бұрынғы әйелімен төсектес болған күйеуін қызғанып жүр
21 жастағы жас келіншек күйеуін бұрынғы әйелінен қызғанып жүр. Айтуынша, бұл қызғанышының өзіндік себептері бар. Бірнеше күн бұрын күйеуі бірінші әйелімен төсектес болған екен. Мұны өз көзімен көрген жас келіншек енді ажырасуға бел буып отыр. Бірақ, ажырасқаннан кейін баратын жерінің жоқ екенін айтады.
Бұл туралы “Үшбу” хат парақшасында жазылды.
“Мендегі мәселе күйеуім болып отыр. Үйленгенімізге 2 жыл болды. Ішімде 6 айлық балам бар. Күйеуімнің бұрынғы әйелінен 3 баласы бар. Олардың бүкіл жағдайын жасап, балаларымен араласып тұрады. Маған үйленерде “Әйелімді жақсы көрмеймін. Балаларым үшін-ақ жүрдім. Сол себепті ажырастық” деп айтқан болатын. Кеше балаларына кетіп, үйге қайтып келмеді. Қоңырау шалсам, телефоны сөніп тұр екен. Еш жаман ойым болмады. Түнгі 12-де әйелі қоңырау шалып, “Алло” десем, ешкім үндемеді. Мен өшірмей тыңдап тұрдым. Сосын шешініп, сүйісіп жатқан дауыстары естілді.
Бір кезде қосылып жатқандарын түсіндім. Қатты жыладым. Содан түнде үйіне бардым. Үйлері жарты сағаттық жерде орналасқан. Жер үй болған соң оңай кіруге болады. Аулаларында жүріп терезеден қарасам, балалары ұйықтап жатыр екен. Екінші бір бөлмеде күйеуім бұрынғы әйелімен қосылып жатыр. Өз көзіммен көрдім. Кіріп ұрыс шығарғым келді. Бірақ, балаларын оятып аламын деп қорықтым. Балалары мені жақсы көреді. Үйімізге де келіп тұрады. Сонымен күйеуім мен бұрынғы әйелінің дауыстарын тыңдап, терезенің түбінде жылап отырдым.
Күйеуімнің ауырдым деп сылтауратып маған жоламай жүргеніне 2 апта болды. Сенесіздер ме, екеуі таңға дейін төсекте бірге жатты. Таңғы сағат 7 шамасында ішім ауырып, үйге кеттім. Содан сағат 9-дарда ешнәрсе болмағандай келді. Киімін ауыстырып, үндемей жүр. Мен қатты ауырып, ішімді ұстап отырсам да, қарамайды. Сосын өзім “Қайда болдың? Неге телефоның сөніп тұрды?” деп сұрадым. “Балаларымның жанында болдым. Болған жағдайды өз көзіммен көргенімді баяндасам да, мойындамай қойды. “Сол сәтте үйге кірмедің бе?” дейді. Бірақ, мен барлығын көрдім. Ажырасамын деп шештім. Сол әйелімен тұра берсін. Мені жақсы көрмейтініне көзім жетті.
“Жақсы көрмесең, неге менің өмірімді құрттың?” деп қатты жыладым. Айтпақшы, менің жасым 21-де. Екеуі қосылып жатқанда, өзімді орталарында жатқандай сезіндім. Ажырасатыным анық, бірақ, баратын жерім жоқ. Жаман атқа қалып үйіме барғым келмейді. Тараз қаласындағы аналар үйіне баруды жоспарлап отырмын. Қатты жаман болып отырмын. Баласын көрсетпеймін де, алимент төлетпеймін де. Өмірімнен біржолата сызып тастағым келеді. Қайда барсам болады? Болашақта қайда тұрамын? Қалай өмір сүремін? Басым қатты. Не істесем болады? Маған ақылдарыңызды айтыңыздаршы. Күйеуімді, тіпті, көргім келмейді”, – дейді жас келіншек.
Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.
Жіберіп алмаңыз:
Тұрмыста таршылық көрген шымкенттік ару бүйрегін сатпақ
Сегіз жыл бұрын француз отбасы асырап алған қазақ қызы отанына келді (фото, видео)
Қазақстан мектептеріндегі сабақтар 40 минуттан оқытылатын болды
Бас прокурор Абу-Даби Плазадағы төбелеске қатысты: екі қылмыстық іс қозғалды