Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жас депутат Асқар Бопылдықов көз жұмды

27-нен 28-іне қараған түні Атырау облысының 32 жастағы мәслихат депутаты Асқар Бопылдықов өмірден озды, деп хабарлайды Қазақпарат ХАА.

402267

«Шынымды айтсам, не айтарымды да білмей тұрмын. Көңіліміз жабырқап қалды. Ол түнде көз жұмды. Біраз уақыттан бері аурып жүрген екен. Соңғы қараша-желтоқсан айында дерті тіпті асқынған. Асқардың денесі Ақжайық ауылына жеткізілді. Жерлеу рәсімі 30 желтоқсан күні болады», – дейді облыстық мәслихат аппаратының жетекшісі Ержан Түркістанов.

Бопылбаев Асқар Төребайұлы 1984 жылы 20 желтоқсанда өмірге келген. Үйленген, екі баласы бар. Ол «Жас Отан» жастар қанатының Атырау облыстық филиалының төрағасы болды.

«Бауырым-ай. Бір білдірмедің ғой. Қимаймын. Шетелге кеткен соң көптен бері кездесе алмай жүр едік… Қандай қайсар, мінезді жігіт едің. Алғаш танысқанда-ақ құрметім ерекше болды. Өзіңдей мемлекетшіл азаматтар елімізге керек-ақ еді, керек. Жасына қарамастан ірі, тұлғалық сөздер айтатын еді. Үлгі еді ғой. Жастар мәселесіне қатысты ақылдасып тұрушы едік, жоспарымыз да біраз еді…»,-деп жазды марқұмның досы, қазір шетелде білім алып жүрген журналист Руслан Желдібай.

«…Қысқа ғана уақытта қалалық мәслихат депутаты қызметін абыроймен атқарып бітіріп, түйеде қом, атта жалсыз-ақ облыс мәслихатының депутаты болып еді. Сөзі мен ісі қатар жүретін. Көптен күткен ұлы той, шаңырақты болғанына да қуанғанбыз. Оның әрбір қуанышына шаттанып отыратынбыз…»,-деп жазды блогер Тимур Бектұр.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанда жоқшылықта өмір сүріп жатқан көпбалалы ана балаларын сотқа берді

Жасыңызға байланысты құрсақ көтеру мүмкіндігіңізді тексеріп көріңіз

Тойда шайға ақша төлеуге мәжбүр болған әйел шу шығарды

Үндістандық миллионер әкесі жоқ 200-ден астам қыздың тойын ұйымдастырып берді (фото)

Талқылау