Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жас босанған әйел екі нәрестені перзентхананың терезесінен лақтырып жіберген

Өзбекстанның Наманған ауданында әйел перзентхананың терезесінен өзінің және өзгенің нәрестесін лақтырып жіберген. Ол денсаулығында кінәратпен туылған қызынан арылу үшін осындай әрекетке барыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі мемлекеттің Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жас босанған әйел өзінің және өзгенің нәрестесін перзентхананың терезесінен лақтырып жіберген

9 қыркүйекте Наманған аудандық перзентханасының артқы ауласынан ауыр жарақаттанған екі қыз бала табылды. Нәрестелер жансақтау бөліміне жеткізілді. Алайда медициналық көмек көрсетілгеніне қарамастан, олар көз жұмды. 

«Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, пациенттердің бірі қызының аяғында кінәратпен туылғаны үшін күйзеліп, одан арылуды ұйғарып, қылмысын жасырмақ болған. Ол перзентхананың екінші қабатының терезесінен өзінің жаңа туған қызы мен сол палатада жатқан өзге әйелдің сәбиін лақтырып жіберген», - делінеді хабарламада. 

Аталған дерек бойынша жаңа туған қыздың анасына қатысты «қасақана адам өлтіру» бабы бойынша, сонымен қатар перзентхананың жауапты тұлғаларына қатысты «кәсіби міндеттерін тиісті түрде орындамау» бабына сәйкес іс қозғалған. 

Әйелдің кінәсі дәлелденсе, 15-тен 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Талқылау