Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жарыста жаттықтырушысын жер қылған теннисші кешірім сұрады

Ғаламторда жаттықтырушысын жерден алып жерге салып жатқан қазақстандық теннисші қыздың видеосы пайда болды. Юлия Путинцева мен оның бапкері Роман Кислянский АҚШ-та өтіп жатқан жарыс кезінде ұрсысып қалған. Франциялық спортшы Ализе Корнеден жеңілген Путинцева бар өшін жаттықтырушысынан алды, деп хабарлайды КТК.

2095502-43905250-2560-1440

Маған қолдау білдірмей, видео қарап отырдың деп бапкеріне ренжіген Юлия бірінші сеттің ортасында ракеткасын сындырып, ашуға бой алдырды. Тіпті Кислянскийге «нақұрыссың ба?» деп салды.  Бұл кикілжің ойынға кері әсерін тигізбей қоймады. Әлемдік рейтінгіде 50- орында тұрған Путинцева бір де бір гейм алмастан екі сетте де нөл есебімен ұтылды.  Кейін спортшы өзінің ерсі қылығы үшін ұялса керек, әлеуметтік парақшасында бапкерінен кешірім сұрады.

Айта кетейік, 22 жастағы Юлия Путинцева 2012 жылдан бері Қазақстанның атынан өнер көрсетеді. Өткен жылы ол Роллон Горростың жартылай финалына дейін жетті. Мұндай  көрсеткішті бұған дейін ешбір қазақстандық теннисші жасамаған еді. Ал Роман Кислянсий мен Юлия үлкен спортқа қадам басқалы бері  бірге жұмыс істеп келеді. Шәкіртінен елдің алдында ауыр сөз естіген бапкер енді онымен ары жұмыс істей ме, жоқ па, әзірге белгісіз.

Тағы да оқыңыз:

Дмитрий Баландин ел қоржынына Универсиаданың үшінші медалін салды

Қуат Хамитов: Қазақстан футболшылары ешқашан әлем чемпионатында ойнамайды

19 жастағы жігіт Астанада 300 келілік «Қажымұқанның тасын» көтеріп жұртты өзіне қаратты

Талқылау