Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жарты жыл бұрын асылып өлетін еді": Жанар Хамитованың психолог маманға барып жүргені белгілі болды

Жанар Хамитованың психологқа жүгінгені белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Бір сұрақ?" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Жарты жыл бұрын асылып өлетін еді

Танымал әншінің біраз уақыт бойы маманның көмегіне жүгініп, депрессиядан шығу үшін қадам жасағаны анықталды. Бұл туралы өнер иесінен сұхбат алып, жан сырын ақтарған жүргізуші Аяна Ғабдуллина айтып берді. Журналистің айтуынша Жанардың соңғы сұхбаттары оған қиын соққан. Өйткені, онсыз да ауырып жүрген жүрегі өткенді есіне алып, қиналған. 

"Әлеуметтік желіде әдеттегідей халықпен бірге естідім. Одан бөлек біз араласқанбыз, сұхбат алғанмын. "Өлі разы болмай, тірі байымайды" дейді ғой. Жанардың жақсы жағын да айту керек. Өйткені, үнемі күліп жүретін. Ішіндегі проблемасын көп айта бермейтін. Соңғы кезде әріптестеріме сұхбат бергенде қатты қиналды-ау шамасы. Өзінің жүрегіндегі қайғысын, проблемасын ешкімге айта алмағандықтан, қасында жақын жандары болмағандықтан, біздің әріптестерімізге ағынан жарылды. Тіпті менің эфиріме келген кезде де жылап, өткен өмірі туралы айтқан", - дейді Аяна Ғабдуллина. 

Аяна Ғабдуллина әнші қиналып жүргенін қанша байқатпауға тырысса да, көздерінен айқын көрініп тұратын дейді. Ол тіпті психологтың көмегіне жүгінген. Екі ай бойы маманның кеңесін алып, жағдай жақсарып қалған. Дегенмен, психолог әншінің жарты жыл бұрын өзіне қол жұмсауы мүмкін екенін айтқан. 

"Қиналып жүргенін көзінен байқадым. Күліп жүруі мүмкін, бірақ көзінен, жанынан, энергетикасынан байқауға болады. Тіпті психолог маманға жүгінгенін естідім. Маржан деген психолог маман болған көрінеді. Екі ай маманға жүгінген екен. Психологтың айтуынша "Ол бұндай жағдай болса, жарты жыл бұрын асылып өлетін еді. Екі ай маған келген кезде беті бері қарады" деген әңгімесі болған. Көбісі халық арасында өзіне қол жұмсады деп жатыр, туған-туыс, дос-жарандары жүрегі тоқтап қалды деп жатыр", - дейді Аяна Ғабдуллина. 

Талқылау