Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жарнама қағазын жеген иттің аузы желімденіп, жағы ашылмай қалды (фото)

Британияның Блэкпул қаласында  ветеринарлар желім жеп, жағын аша алмай қалған үй жануарын құтқарып қалды.

Бұл туралы Daily Mirror жазды.

Иесі дүкенге кіріп шығамын дегенше Оскар есімді иті көшедегі пошта жәшігіне салынған жарнама қағазын жеген. Шайналған қағаз бен сілекей араласқаннан пайда болған сұйықтық желім секілді иттің жағын жабыстырып тастаған.

«Мен оған тамақ ұсындым, аузын аша аламды. Тек сілекейі шұбатылып тұрды. Анықтап қарасам Оскар жағын аша алмай тұр. Себебін түсінбей де қалдым. Айналама қарап пошта жәшігіндегі қағаздардың шайналғанын көрдім.»,-дейді иттің иесі Пэт Финнерти.

Әйел жануарын арнайы ауруханаға алып барған. Онда дәрігерлер Оскарға ұйықтататын дәрі беріп, стоматологтың құралдарымен аузын тазартқан. Оскар сол күні- ақ, үйіне жіберілген.

Оқи отырыңыз:

Алғашқы жеке әнін ұсынған Ақбота Сейітмағамбетті халық қабылдай алмады (видео)

Танымал журналист Төреғалидің тағы бір былығын әшкерелеп, масқаралады (видео)

Мақпал Жүнісова: Төрешті мен үшін кешіріңіздерші, халқым (видео)

Мемлекеттік атақ алған Абай Бегей әріптестерінің сынына ұшырады

 

Талқылау