Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жарнама беруші болып хабарласып, әншілердің Инстаграмнан қалай табыс табатынын анықтадық

Stan.kz  сайтының тілшісі  Инстаграмдағы  жазылушылардың арқасында байымаса да табыс тауып отырған адамдарды анықтап көрді.

Инстаақша

Көпшілік  әрине танымал адамдардың өмірі мен не киіп, не тұтынатынына, қандай жерлерде демалып, нендей  киімдер киетініне қызығады. Сол себепті, жұлдыздардың өзі де жазылушыларын зеріктірмей, күнде бір дүние ойлап табатын көрінеді.

Өзін жарнама беруші ретінде таныстырған тілші  2 миллионнан астам оқырманы бар жұлдыздармен тілдесудің қиын екеніне көз жеткізді. Мысалы, әншілердің өздері әр клиентпен саудаласып отырмайды. Арнайы адам жалдап қойған. Олар әншінің суреттерін жүктеп, жарнама берушілермен келісіп отырады.

Аша Матайдың өзімен де, көмекшісімен де бір күн бойы жарнама беру мәселесі бойынша  тілдесудің мүмкіндігі болмады.

Ал Мадина Сәдуақасованың 2 миллион оқырманына  сұлулық салонын мақтап жазу үшін 1 мың АҚШ долларын төлеу керек  екен. Бұл бір рет қана шығады. Оның өзінде әншінің өзі жарнамалайтын салонның жұмысын байқап көреді екен. Содан кейін барып, шешімін айтады. Оның өзінде ақысын төлейсіз.

Ал Ерке Есмаханның  парақшасында жарнама шығарудың бағасы да сан түрлі. Біздің сұлулық салонын жарнамалау үшін әншінің көмекшісі 500 мың теңге сұрады.

Ал Қарақат Әбділдинаның көмекшісі жарнамаға бірден келісе кеткен жоқ. Ақысын да бірден айтуға асықпады. Себебі, Қарақат барлығын өзі шешеді екен. Тіпті  келісімге келу үшін өзінің шарты мен ұсыныстары да бар екен.

«Біз жарнаманы бірден алып шығара салмаймыз. Алдымен Қарақат сіздің мамандардың жұмысын көреді. Мүмкін ұнап қалып, үнемі тегін қызымет көрсетіп тұруға өз ара келісіп қалрсыздар? Ол кезде жарнаманың бағасы арзан немесе тегін болады. Сол сияқты мұндай мәселені телефонмен бір сөйлескенде шеше алмаймыз»,-дейді өзін Қарақат Әбділдинаның әкімшісі деп таныстырған бойжеткен.

Ал Баян Есентаеваның парақшасына бір суретті жүктеп жарнама беру үшін 1 миллион теңге тұрады. Ал видео жүктер болсаңы бұл баға еселенеді. Бұл ақпаратты  Есентаеваның өзі  блогер Бейбіт  Әлібековке берген сұхбатында айтты.

Жарнама берушілер  кемінде 100 мың оқырманы бар парақшалармен жұмыс істейді екен. Оның өзінде түрлі келісімдер арқылы нақты шешім қабылданады. Сондықтан ауадан ақша жасау деген әншілер үшін осы болса керек. Себебі, қарапайым адамға  Инстаграм желісінде миллион оқырманды жинау үлкен еңбекті талап ететіні анық.

Неге екені белгісіз біздің әншілер мен танымал азаматтар мұндай кәсіптерінің қызмет ақысын қпия ұстағанды дұрыс көреді. бізге ұнағаны, әншілер ақысына жарнама жасайберместен, сапасына аса үлкен жауапкершілікпен қарайды екен.

Материалды көшіріп жариялағыңыз келсе Stan.kz  сайтының шарты бойынша редакциядан  хат түрінде рұқсат алуыңыз керек.

Оқи отырыңыз:

Алтын алқа иегері: Әншілер отбасыма көмектесетінін айтып,тек өздеріне абырой жинап жүрген сияқты

Елбасы Астананың көрнекті жерлерін аралап, халықпен тілдесті (фото)

Тұрғындар 7 жасар баланы зорлап жатқан педофилді өлтіріп қоя жаздады (видео)

Қырымбек Көшербаев «Қазақстан барысы» жеңімпазына пәтер сыйлады

 

Талқылау