“Жарамсыз көлікті сатып жіберген”: Астаналық сатып алушы сотта жеңіп шықты
Астана соты сапасыз көлікке қатысты дауды сатып алушының пайдасына шешті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты азамат М-ның автокөліктерді сатумен айналысатын ЖШС-не қатысты шартты бұзу, автокөлікті қайтару, оның құнын өндіру және моральдық зиянды өтеу туралы талап қоюы бойынша істі қарады.
Жауапкер автокөлікті қайтарып алудан бас тартып, анықталған кемшіліктерді түзетпеген.
Кепілдік шарттарына сәйкес (36 ай немесе 60 мың шақырым) жауапкер ақауларды жоюға міндетті, бірақ ол бұл міндеттемені орындамаған.
Hyundai, Chevrolet және Kia: Қазақстанда 2024 жылы ең көп сатылған көліктер аталды
"Жауапкердің өкілі сотта шарттың барлық талаптары орындалғанын және өз тарапынан заң бұзушылықтардың жоқтығын айтты. Сараптама нәтижесінде көлік құралын пайдалану мүмкін болмайтын өндірістік кемшіліктен болуы мүмкін ақаулардың бар екені анықталды. Сот, жауапкер талап қоюшының сапасыз автокөлікті беру фактісін растайтын бірнеше рет шағым түсіргенін дауламағанын атап өтті. Ұсынылған дәлелдемелерді ескере отырып, сот талап қоюды қанағаттандырып, тұтынушының құқығын қорғады”, – делінген ақпаратта.
Шешім заңды күшіне енді.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда көлікті 5 минуттан артық қыздыруға айыппұл салынатынын жаздық. Тұрғын аудандарда қозғалтқышы қосулы көліктің тоқтап тұруына тыйым салынған.