Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жапониядан сәл артта қалып қойды": Қазақстан онлайн қызмет көрсету бойынша үздік ондыққа енді

Қазақстан цифрландыру саласында түрлі критерийлер бойынша әлемде тұрақты түрде жетекші орындарды иеленіп келеді. Еліміз 2024 жылы БҰҰ елдерінің электрондық үкіметтің даму деңгейі бойынша рейтингінде (E-Government Development Index, EGDI) үздік 25 елдің қатарына енді. Осылайша еліміз 193 елдің арасында 24-орынды иеленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Finprom басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Freepik

Сонымен қатар, рейтингтің негізгі қосалқы индекстерінің бірі – Online Service Index (OSI) бойынша еліміз алғашқы ондыққа енді. Online Service Index үкіметтің интернет арқылы азаматтарға ұсынатын онлайн қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын көрсетеді. Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша 10-орынға тұрақтап, әлемде технологиялық тұрғыда дамыған елдердің бірі Жапониядан сәл артта қалып қойды.

ТМД және Орталық Азия елдері арасында Қазақстаннан кейінгі ең жақсы нәтиже Армениға тиесілі. Бұл ел 53-орында. Бұл көрсеткіш бойынша Ресей 56-шы, көршілес Өзбекстан 59-шы, Қырғызстан 89-шы, ал Түркіменстан 172-ші орында. Рейтингте ең жоғары ықтимал индексті 1-мен Оңтүстік Корея ашса, Эритрея 0 индексімен жапты. 

Фото: Finprom

Қазақстанның банк секторы GovTech-ті цифрландыру және азаматтар үшін қолжетімді етуде шешуші рөл атқарады

Ірі банктер өзінің онлайн-экожүйелері аясында мемлекеттік қызметтердің барлық түрлерін, бизнеске арналған қызметтердің кең ауқымын жылдам енгізіп жатыр. Мысалы, Halyk Bank қолданбасы 60-тан астам, Kaspi.kz-те 40-қа жуық, Банк ЦентрКредит 30-дан астам, Freedom Bank 20-дан аз қызмет түрін ұсынады. 

Қолжетімді мемлекеттік қызметтер саны бойынша Halyk Bank экожүйесі көшбасшы санатында. Еліміз бойынша, осы жерден ғана балабақшаға кезекке тұру және тіркеу, сақтандыру полистерін тіркеу, заңды тұлғалар, филиалдар, қызмет жағдайы және заңды тұлғаларға қатысты қамауға алу туралы барлық ақпаратты алуға болады.

Салық бойынша есеп беру қызметтері Halyk Onlinebank бизнес қосымшасында қолжетімді. Сонымен қатар еңбек келісімдерін тексеру мүмкіндігіне де осы жүйе арқылы қол жеткізуге болады. 

Басқа банктердің де өзіндік бірегей қызметтері бар.

Төмендегі кестеде банктік қосымшаларда қолжетімді GovTech негізгі қызметтерінің тізімі көрсетілген. 

Егер бүгін-ертең жаңа қызмет пайда болса, ол екінші деңгейлі банктердің экожүйесіне жедел енгізіліп, тізім өзгереді. Мәселен, 2024 жылдың желтоқсан айындаHalyk Bank қосымшада қолжетімді тағы екі қызметті енгізді. Ол 075/У нысанындағы медициналық анықтама алу (денсаулық жағдайы туралы медициналық кәсіптік-клиникалық қорытынды) және еңбекке жарамсыздық парағын беру.

Фото: Finprom

Сондай-ақ тұтастай алғанда электронды үкіметтің даму индексі туралы мәліметтерді береміз.

Мұнда, жоғарыда айтып өткеніміздей, Қазақстан 24-орынға ие болды

Электронды үкіметтің даму индексі (EGDI) рейтингін Дания, Эстония және Сингапур ашса, Орталық Африка Республикасы жабады.

ТМД және Орталық Азия елдерінің ішінде Қазақстаннан кейін Ресей – 43-ші орында. Одан кейінгі орындарда Армения (48-ші орында), Өзбекстан (63-ші), Молдова (70-ші), Әзірбайжан (74-ші), Беларусь (77-орын), Қырғызстан (78-орын), Тәжікстан (123-орын) және Түркіменстан (145-орын).

Бұл рейтинг үш негізгі құрамдас бөліктен тұрады:

  • OSI онлайн қызметтері индексі;
  • Телекоммуникациялық инфрақұрылым индексі (TII). Оған сәйкес Қазақстан бір жылда 23 позицияға ие болып, 41-орынға көтерілді; 
  • Адам капиталы индексі (Human Capital Index, HCI). Онда еліміз 14 позицияны жоғалтып, 42 орынға ие болды.

Осылайша, Қазақстанның Электронды үкіметтің даму индексі (EGDI) бойынша жоғары позициялары OSI бойынша алғашқы 10-дыққа кіруімен, яғни онлайн-қызметтердің қолжетімділігімен және сапасымен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте, жетекші қазақстандық банктер шешуші рөл атқарады. Мәселен, Halyk Bank. 

Фото: Finprom

Айта кетейік, бұған дейін Әлемдік телекоммуникация нарығындағы ең беделді компания Ookla (Speedtest Intelligence) зерттеуіне сәйкес, Қазақстан Орталық Азияда және одан тыс жерлерде интернет жылдамдығы бойынша үздік нәтиже көрсеткені туралы жазған едік. 

Талқылау