Жапониядағы турнирде қарсыласын бір соққымен сұлатып салған спортшы кезекті жекпе-жегін өткізеді
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қаршыға Дауытбек Жапонияда кезекті жекпе-жегін өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Елімізге танымал ММА шебері, Қаршыға Дауытбек әлемнің ең үздік лигаларының бірі саналатын Rizin тұжырымындағы келесі кездесуінің уақыты анықталды. Жапонияда өткен Rizin 48 турнирінде қарсыласын ауыр нокаутқа жіберген Қаршыға Дауытбек тұжырымдағы кезекті жекпе-жегін өткізеді. Отандасымыз 31 желтоқсан күні өтетін Rizin 49 турнирінде жергілікті спортшы Рен Сугиямамен жұдырықтасады. Жекпе-жек жартылай жеңіл салмақта өтеді.
Айта кетейік, Қаршыға Дауытбек шаршы алаңда он тоғыз жекпе-жек өткізіп, он алтысында жеңіске жетір. Ол үш мәрте қарсыластарына есе жіберген. Қазір сегіз жекпе-жек қатарынан жеңіп келе жатыр.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

