Жапонияда ажырасқан әйелдерге жарты жыл тұрмысқа шығуына тыйым салатын заң өзгертілді
Ажырасқан жапон әйелдеріне жарты жыл бойына тұрмысқа шығуына тыйым салатын заңға сәрсенбі күні өзгеріс енгізілген. Енді заң бойынша ажырасқан әйел дәрігерден жүкті емес екенін растайтын қағаз алып келсе 100 күннен кейін тұрмысқа шығуына болады.
Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары жазды.
Жапон парламентінің жоғарғы палатасы 1898 жылы қабылданған заңға осылайша өзгеріс енгізді. Парламенттегі талқылау желі арқылы онлайн таратылды.
Өткен ғасырда қабылданған заң Жапонияда осы күнге дейін қолданыста еді. Ол заңның негізгі мақсаты, әйел ажырасқаннан кейін жарты жыл аралығында босанып қалса, оның әкесіне қатысты дау тудырмау.
Енді жаңадан қабылданған заң бойынша жапон әйелдері ажырасқаннан кейін жүкті еместігін растайтын дәрігердің қағазын алып, жүз күннен кейін жаңа отбасын заңдастыра алады.
Өткен жылдың желтоқсан айында Жапония соты бұл заңның Конституцияға қарсы екенін анықтаған. Мысалы, әйелдің екінші күйеуі некесін бірден заңдастырмағаны үшін өз перзентін әйелінің бұрнғы күйеуінің атына жазған. Ал баланың биологиялық әкесі өз құжатында тек асырап алушы есебінде болып келген.