Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапония Семейдегі ядролық сынақтардан зардап шеккендерге 4 миллиард теңге көмек бермек

Фото: ortcom.kz/Семей ядролық полигоны

Жапония Семейдегі ядролық сынақтардан зардап шеккендерге 4 миллиард теңге көлемінде көмек көрсетпек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жапония үкіметі Қазақстанға бір миллиард иеннен астам (шамамен 7 миллион доллар) грант бөледі. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қаржы Семейдегі ядролық сынақтардан зардап шеккендерге көмек көрсететін Университеттік ауруханаға медициналық жабдықтар алу үшін жұмсалады.


Шамадан тыс құрмет көрсететініне үйрене алмадым – Жапониядағы үздік университетке түскен алғашқы қазақ қызы


"Грант қаражаты есебінен магнитті-резонанстық томограф, компьютерлік томограф, видеоэндоскопиялық жүйе, жасанды қан айналымы аппараты және ауыр науқастарды диагностикалау мен емдеуге қажетті басқа да медициналық құрал-жабдықтар сатып алу жоспарлануда", – делінген министрлік жауабында. 

Айта кетейік, Жапония мен Қазақстанның осы саладағы ынтымақтастығы бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. 2002 жылдан бастап Семейде жапон тәжірибесіне негізделген радиациядан зардап шеккендерді есепке алу жөніндегі мемлекеттік тіркеу жүргізілуде. 

Еске салсақ, бұған дейін Семейдегі ядролық полигонның жері британиялық компанияға алтын өндіруге берілгені туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Жұма, 08 Тамыз, 2025 20:47
Талқылау
`