Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жапон макакасы ұрғашы теңбіл бұғымен жыныстық қатынасқа түсті

Жапондық Якусима аралында жапон макакасы бірнеше рет ұрғашы теңбіл бұғымен шағылыспақ болып, талпыныстарының бірі сәтті аяқталды.

_93348783_mediaitem93348782

Ғалымдар бұл көріністі 2015 жылдың қараша айында байқаған. Шағылысу мерзімінде макака екі ұрғашы бұғымен шағылысуға тырысқан-ды. Бірақ макаканың бұл ерекше қылығы «Приматтар» (Primates) журналындағы зерттеу жұмысында баяндалғаннан кейін ғана белгілі болды.

Макакалар Жапонияның таулы аудандарындағы ыстық бұлақтың маңында теңбіл бұғылармен қатар тіршілік етеді.

Бұған дейін макакалардың бұғылармен жақындаспақ болғаны, тіпті, ойнақтап, үстіне мінетіні де байқалған.

Ғалымдар ұрғашы бұғымен шағылыспақ болған макаканы «төмен сатыдағы тіршілік иесі» болуы мүмкін деп топшылады. Яғни бета-аталықтар қатарына қосқан. Аталық макака «ұнатқан бұғысын» маңына жуыған басқа макакалардан қызғанып, күзетуге мәжбүр болған.

Ол ұрғашы бұғылармен  жыныстық қатынасқа түсуге екі рет тырысқан. Алайда бірінші жақындасқан бұғы макаканың талпынысына қарсылық танытты. Есесіне, екіншісі жақындасуға қарсылық көрсетпей, эякуляциядан кейін өз бүйірін жалаған.

«Аталық макака бұғымен шағылысып, 10 секунд ішінде 15 сексуалдық қимыл жасады. Мұнан соң тайып тұрды», – дейді зерттеу жұмысы авторларының бірі Александр Боннефой бұл көрініске қатысты.

Ғалымдардың топшылауынша, макаканың мұндай әрекетіне лайықты ұрғашы макаканың жетіспеушілігі сеп болуы мүмкін. Сонымен қатар аталық макака шағылысуды үйренбек болған немесе серігінің басқа түр өкілі екендігін түсінбеген болуы мүмкін деген топшылаулар да бар.

Бұл түраралық шағылысуға қатысты нысанға алынған екінші жағдай.

2014 жылы Антарктикада теңіз мысықтарының корольдік пингвиндермен жыныстық қатынасқа түспек болғандығы туралы ақпарат бүкіл әлемге тараған еді.

Талқылау