Жантүршігерлік апаттан соң Шахандағы үйлер жылу қазандығына қосылып жатыр
Жертөледе қазандық жарылып, 9 адам опат болған Шахандағы көпқабатты үйлердің жылу құрылғылары сыртқа шығарылып жатыр. Бүгінге дейін 7 үйдің астынан ескі қазандық алынып, су жаңасы үйдің сыртынан қосылған. Қазанның 1-не дейін жертөлесінде пештері бар қалған 7 үйге де осындай қазандықтар қойылмақ. Бұған бюджеттің емес, демеушілерден жиналған 70 млн теңге жұмсалып жатқанын айта кетейік, деп хабарлайды КТК арнасы.
Мынандай жылу қазандықтардың құны ішіндегі пештердің санына байланысты 5 тен 9 миллион теңгеге дейін шығады. Мәселен мұнда екі пеш орнатылған. Сонықтан бұл жылу қазандығы бірнеше үйді жылумен қамтамасыз етуге толықтай қауқары бар дейді мамандар.
Модульді қазандықтарды жасап шығарған мекеменің басшысы Максим Поляков қазандық заман талабына сай дейді. От жағушы тек көмір тасып терледім демесе, қалғаны толық автоматтандырылған. Тіпті жарық сөніп қалған сәтте, генератор іске қосылады.
«Бұрын тұрғындар айына 30 тоннаға дейін көмір жағып келген. Қазір шығын екі есеге азаяды. Өйткені түтін бірден далаға шықпайды. Олар пештің ішінде шағын мұржалар арқылы суығанша айналып отырады. Осының арқасында жылу ұзақ ұсталады», – дейді мердігер:Максим Поляков.
Қазандықтарды жертөледен сыртқа шығаруды прокурлар табандап тұрып талап еткен. Жарылыста үй құлап, 9 адам үйінді астында қалуы қазандықтың жертөледе орналасуының кесірі екен. Бірақ 15-20 жыл бойы қазандықтардың жертөледе жұмыс істеп тұрғанын құзырлы орындар көрмеді деу қиын. Апаттан соң ғана, қимылдаған олар қазандықты үй сыртына қой деп түртпектепті.
«Негізі қазандықтарды жертөледен шығару Шаханнның негізгі проблемаларын шешпейді гой. Бізде осындай 118 үй бар. Оның әрқайссына мынадай қою экология ға зиян. Жалпы бұл уақытша нәрсе. Сондықтан негізгі мәселені шешетін орталық қазандық», – дейді Шахтинск қаласының әкімі Сержан Аймақов.
Шаханда қазандығы жертөлетен шығатын 14 үйден бөлек тағы 100 ден аса көпқабатты баспана тұрғындары отты пәтерлерінде жағып отыр. Осы жылдар ішінде көмір кіргізіп, күл шығарудан әбден діңкелегендерін жасырмайды. Оның үстіне отын бағасы да жыл санап өсіп жатыр.
«70-80 мың. Қыстың қалай болатынын білмеймін ғой. Алдында істеуге болар еді ғой. Болады. Неге істемеген енді?» – дейді Шахан кентінің тұрғыны Гүлжамал Оспанова.
Енді іске білек түре кірістік дейді биліктегілер. 100 миллион теңге жұмсап, Шахандағы орталық қазандықтың жобалық сметалық құжаты дайындалыпты. Ал құрлысты келесі жылдың басында бастаймыз деп отыр. Қажет деген 3 миллиард теңге де, әні міні бөлінгелі тұр екен.
Жіберіп алмаңыз:
Павлодарда құмар ойынның көрігін қыздырған қылмыстық топ мүшелері сотталды
ШҚО-дағы оқиға: Анасы екі қызы мен өзін өлтірген болуы мүмкін
Түлектердің ата-анасы грант шешімдеріне келіспейді: Білім министрлігі қандай жауап қатты