Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жансая Әбдімәлік FIDE гран-при сериясы бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша бесінші орында

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік Астанада өткен  FIDE гран-при сериясының бірінші кезеңі  бойынша бесінші орында, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жансая абдумалик

Сурет: ChessWood

Қазақстан өкілі Жансая Әбдімәлік халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) гран-при сериясы бірінші кезеңінің 11-ші турында Польша атынан қатысқан Алина Кашлинскаяны жеңді.

Тағы бір қазақстандық шахматшы - Бибісара Асаубаева турнирде жетінші орын алды.

Ресейлік Екатерина Лагно 11 турда 8 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орынға ие болды. Екінш орында Горячкина (7,5 ұпай), үшінші – Чжу Цзиньере (6,5). Әрі қарай Костенюк (6), Әбдімәлік (5,5), Тан Чжуньи, Рамешбабу, Вагнер (5), Кашлин, Петц, Асаубаева ( 4,5) және Шувалова (4).

Гран-при сериясы төрт турнирден тұрады. Екінші кезең Германия қаласы Мюнхенінде 2023 жылдың 1-14 ақпаны аралығында, үшінші кезең Үндістанда (2023 жылдың наурызы), соңғы кезең Быдгоще (2023 жылдың мамыры) өтеді. Жарысқа барлығы 16 шахматшы қатысады.

Әр турнирге 12 адам қатысады, жарыс айналым жүйесі бойынша өтеді. Турнирлердің қорытындысы бойынша шахматшылар жеңіс үшін 120, екінші орын үшін 110, солай әр орынға 10 ұпайға аз жинайды. Серия қорытындысы бойынша, үздік екі шахматшы 2023 немесе 2024 жылы өтетін үміткерлер турниріне қатысу құқығына ие болады.

Талқылау