Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жанқош Тұраровтың әйелі жалған ақпарат таратты – адвокат

Қыз зорлады деп айыпталған боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі жасаған мәлімдеме жалған болып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Фото: https://www.instagram.com/klarita_os/

Айта кетейік, боксшының әйелі Клара Иса жәбірленуші Әнару Құрманалиеваға қатысты сұраққа жауап берген еді. 

Алайда адвокат Ләззат Ахатова мұны жоққа шығарды. Facebook парақшасында істің мән-жайына қатысты пікір білдірді. 

"Мына ақпарат өтірік! Зорлау фактісі бойынша тергеу әлі аяқталған жоқ, жүріп жатыр. Соңғы сараптаманың қорытындысын күтіп отырмыз. Сосын Тұраров үшін әйелі арыз жаза алмайды, ондай өкілеттігі жоқ. Осындай жалған ақпарат таратқан адамды, оны тексермей, жариялағандары үшін осы топты, авторды, басқа да сайттарды жауапқа тарту жөнінде шағым дайындалып жатыр", – деп жазды Ләззат Ахатова.



Еске салсақ, бұған дейін боксшы Жанқош Тұраровтың қыз зорлады деген күдікке ілінгені туралы жазған едік. Алайда боксшы желідегі парақшасында ақпаратты жоққа шығарды.

Бірақ Жанқош Тұраровтың адвокаты боксшының Құрманәлиеваны танитынын растаған еді. 

Фото: Фото: https://www.instagram.com/klarita_os/

Талқылау