Жанқош Тұраров 16 жекпе-жегін нокаутпен жеңген боксшымен жұдырықтасады
Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновпен бір кардта өнер көрсететін Жанқош Тұраровтың қарсыласы белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ашық дереккөзден алынды
WBA тұжырымы бойынша ең үздік 10 боксшының қатарында тұрған Жанқош Тұраровтың алдағы жекпе-жекте кімге қарсы жұдырықтасатыны анықталды. IBO нұсқасы бойынша бірінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы 28 қыркүйек күні AllStarsBoxing кешінде венесуэлалық Хесус Пинтоға қарсы жұдырықтасып, IBO World және WBA World Gold титулдарын қорғайды. Бұл кездесу жеңілістің дәмін татпаған қос кәсіпқой боксшы арасындағы жекпе-жек болмақ.
Айта кетейік, Жанқош Тұраров шаршы алаңда 28 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен боксшы. Ол соңғы жекпе-жегінде жапондық Ахикиро Конданы төрешілер шешімімен ұтып, WBA Gold титулын жеңіп алған болатын.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен

