Жанкүйер жігіт сүйіктісіне Қазақстан Суперкубогы матчы кезінде ұсыныс жасады
Астаналық жанкүйер Қазақстан Суперкубогы матчындағы тайм аралық үзілісте өзінің сүйікті қызына ұсыныс жасады. Дәл қазір “Астана-Аренада” алматылық “Қайрат” пен астаналық “Астана” арасында Суперкубокқа қызу талас жүріп жатыр.
Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлайды.
Мұхтар есімді жанкүйер өзінің сүйіктісі Дианаға ерекше сый жасағысы келіпті. Ол алаң ортасына бір құшақ гүлмен шығып, қызының алдында тізерлей отырып өзіне күйеуге шығуға ұсыныс білдірген. Сүйіктісі бұл ерекше ұсынысқа келісімін берген.
Әзірге Қайрат-Астана арасындағы матчта есеп ашылған жоқ.
Талқылау