Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жәния Джуринская жолдасы екеуі бір жылдық мерейтойын атап өтті (видео)

Жәния Джуринская мен Данияр Хизметов бір жылдық мерейтойын атап өтті. Жас жұбайлар жақындары мен достарының басын қосып, той жасады. Қуанышын көппен бөлісті. 

Қос ғашық мерейтой күнін айтулы датаға орай қойған. 21.10.2021 күні дүбірлі той жасады. 

Қуанышқа ет жақындары мен достары, құрбылары келді. Ақ тілегін арнап, қуанышты бөлісті. 

“Құттықтауымды қабыл алыңдар”, – деп жазды Динара Сәтжан. 

“Құттықтаймын”, – деп жазды Жұлдыз Әбдукәрімова. 

“Бақытты болыңдар”, – деп жазды Луина. 

Желідегі оқырман мен өнер өкілдері құттықтасып, ақ тілегін жаудырды.

“Бақытты болыңдар көптеген бөпе сүйіңдер”, “Алла екеуіңді мәңгі бірге қылсын!”, “Қосағыңмен қоса ағар, жаным”, “Құттықтаймыз. Бақытты болыңыздар!”, “Ғұмырларын сұлу болсын”, “Бақытты болыңыздар”, – деп жазды желідегілер. 

Айта кетсек, қазақстандық актриса Жәния Джуринская шоумен Данияр Хизметовке тұрмысқа шықты. 28 жастағы Дания Хизметов Жәнияға үйлену туралы ұсынысты былтыр Түркияда жасаған еді. 

Бұған дейін актриса үйленуі тойларына 114 адам шақыратынын айтқан болатын. 


Талқылау