Жәния Джуринская Түркиядан үй сатып алды
Теңіз жағасында тұруды армандаймын! Жәния Джуринская мен Данияр Хизметов Түркиядан үй сатып алды. Актриса шетелден алған үйін көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Бұдан бөлек, Жәния өмірде неден қатты қорыққанын айтты.
"Әкем мені қатал тәрбиеледі. Әр қадамымды тек әкемнің рұқсатымен басатынмын. Макияжға, тырнақ өсіруге, шорты мен белдемшелерге қарсы болатын. Кешкі сағат 10-нан кейін телефонды алып қоятын, кешке серуендеуге рұқсат бермейтін. Барлығы оның бақылауында болды.
Сол кезде болашақта ешкімге тәуелді болмау үшін барымды саламын деп шештім. Еркектен де, бастықтан да тәуелсіз болу. Менің қорқынышым - еркіндіктен айырылып қалу", - деді ол.
Айта кетейік, бірнеше ай бұрын Мәдина Сәдуақасова да Түркиядан үй алған болатын.