Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жәния Джуринская «оқымаған актриса» деп сынағандарға жауап берді

Диплом бөлек, жұмыс басқа! Елімізде өзінің мамандығы бойынша жұмыс істемейтін жандар жетерлік. Олардың қатарында танымал жұлдыздар да бар. Музыка мектебінде оқымаса да әнші боп, актерлікті меңгермесе де киноға түсіп жүргендер көп. Солардың бірі – Жәния Джуринская, деп жазады Stan.kz.

Отандық телехикаяларда бірнеше мәрте басты рөлді сомдаған бикеш бүгінде еліміздегі ең таңдаулы актрисалардың қатарында. Алайда Жәнияның нағыз мамандығы – актриса емес, журналист. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Десе де, негізгі мамандығы Жәнияның сахнаға шығып ән айтуына, одан қалса актриса болуына кедергі келтірген жоқ.

«Адамның табиғаты» деген түсінік бар. Мысалы, мен мамандығым бойынша журналистпін. Бірақ бұл менің актриса болуыма кедергі келтірген жоқ. Себебі менің табиғатым о бастан әртістікке жақын еді. Міндетті түрде актерлікті оқу керек деген ұстаныммен келіспеймін. Әрине, біліміңді дамыту, кей нәрселерді үйрену қажет”, – деді Жәния “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына берген сұхбатында.

Жәнияның жақын құрбысы әрі бұрынғы топтасы Сая Оразғалиева (қос сылқым бұрын Баян Есентаеваның қарамағындағы Shine тобында ән салған) да осындай пікірде.

“Мен режиссерлермен кеңесіп, актерлікті оқу туралы ойландым. Сонда маған адамда талант бар не жоқ болады деп айтты. Яғни актерлікті оқыса да, қолдарынан келмейтін жандар бар. Өзімді мақтағаным емес, бірақ режиссер маған кей нәрселерді үйренсең жеткілікті деді. Камераны сезіну т.б. Оқыған актер “театралға” айналып кетуі мүмкін, яғни ойнау кезінде артық көрсетіп қояды”, – дейді Сая өзінің кәсіби актриса емес екенін мойындап.

Жіберіп алмаңыз:

«Халқымыздың ұлы қызы»: Алагөзовтің әкесі болашақ келіні Баянға ән арнады (видео)

Асхат Садырбай бірінші әйелі Еркемен шығармашылық байланыста екенін айтты

Әріптестері Дәурен мен Ақботаның хикаясына қатысты пікір білдірді

Сиви Махмуди Ернар Айдардың құпиясын ашып қойды

Талқылау