"Жанында бақытты болып тұр": Ақбота Нұр мен Дәурен Айдарқұлов бірге көзге түсті
Жеке өмірлері ел аузында әлі күнге дейін талқыланатын Ақбота Нұр мен Дәурен Айдарқұлов тағы да бірге көзге түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скриншот
Бүгінде өнер иелері екі жаққа кетсе де, той-кештерде бірге төбе көрсетіп жүр.
“Мен, Даурен Айдарқұлов және серіктесім Ақбота Нұрабайқызы сіздерді ерекше кештерімізге шақырамыз! Бізбен бірге әрбір мерекені көңілді, қызықты және жарқын өткізейік. Бізбен бірге жарқын сәттерді бөлісіңіз. Ақбота екеуміз жүргізушілер дуэтіміз!”, – деп жазды актер.
-
2 жылдан соң өзгемен бақытты болады: Нумеролог Ақбота мен Дәуреннің не себепті ажырасқанын айтты
-
"Жауап бере алмаймын": Дәурен мен Ақбота ажырасқаннан кейін алғаш рет пікір білдірді
Желі қолданушылары қос өнерпаздың бірге болғандарын қалап, түрлі пікір білдіріп жатыр.
“Ақбота әлі күнге дейін Дәуренді жақсы көреді екен”, “Екеуі қосылса жақсы болар еді”, “Ортақ балалары үшін бір шаңырақ астында өмір сүргендерің дұрыс”, “Ақбота керемет қыз еді, тоқал болып өмірін құртып алды”, “Дәурен отбасы болатын адам емес”, “Екеуін әлі күнге дейін үйлеспейтін жұптардың қатарына қосамын”, – деп жазды оқырман қауым.
Еске салайық, Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейтмағамбет ұлының сүндет тойын өткізіп, бес баланың басын қосқан еді.