Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жаным ашиды": Баян Алагөзова журналист Дана Орманбаеваға қатысты пікір білдірді

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы екі рет сотта жеңілген журналист Дана Орманбаеваға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшалардан алынды

Айта кетейік, продюсер мен журналист арасындағы дау сотқа дейін жеткен еді. Тележүргізуші Дина Төлепберген әріптесіне қатысты сұрақ қойған еді. Баян Алагөзова шынайы жауап қатты.

“Данаға бақыт тілеймін. Оны мен жан-жүрегіммен сезінемін. Шынымды айтсам, оған жаным ашиды. Оны құшақтап, "Дана, бақытты болшы. Шынымен бақытты бол. Өзіңе қатысы жоқ шындықты іздеудің қажеті жоқ. Әркімнің өз шындығы бар" дегім келеді. Мен онымен тек заң аясында ғана байланысамын. Бірінші сот менің пайдама шешілді, енді екінші іс қаралып жатыр, – деді Баян Алагөзова.



Еске салайық, продюсер қылмыстық іспен айналысуға мүлдем уақыты жоқ екенін айтқан еді. 

"Кейбір адамдар үшін әлеуметтік желі ақпаратпен ойнайтын алаңға айналған. Сондықтан мұндай нәрселердің болуы қалыпты жағдай. Мен үшін соттасу, адвокат жалдау – уақытымды шығындайтын артық дүниелер. Ешкімнің шекарасына кірмесін. Ал сотта жеңіліп қалған адам менен кешірім сұрайды деп күтемін", – деген болатын продюсер. 

@dina_tolepbergen Продюсерге елдің пікірі екіге бөлініп, бірі қолдап, бірі қатаң айтты деп қайыруда… “Әр адамның өз ақиқаты бар”, дейді Баян Мақсатқызы. Ақиқат пен адасушылық арасында көзге көрінбейтін шекара бар деседі. Әркім өз шындығы үшін шырылдайды, өз жеңісі үшін күреседі. Қалай ойлайсыз, адам өмірде міндетті түрде ақиқатқа жете ала ма, әлде ізденген күйі қала ма? Ал кешіру ше? Күш пе, әлде әлсіздік пе?" Толық шығарылымды көру үшін Dina Tolepbergen YouTube каналыма өтіңіздер. Сілтеме биомда белгіленген. #динатөлепберген #динатолепберген #DINDINASHOW ♬ оригинальный звук - Dina Tolepbergen
Талқылау