Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегінде ұйымдастырушылар ескі әнұранды қосқан (видео)
Жәнібек Әлімханұлының Аустралиядағы жекпе-жегінде ұйымдастырушылар Қазақстанның ескі әнұранын қосты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Qazsport.kz
Сиднейде өткен бокс кешінде ұйымдастырушылар жаңа зеландиялық Андрей Михайловичке өз елінің әнұранын, Жәнібек Әлімханұлына Қазақстанның ескі әнұранын қосты.
Әлімханұлының жаттықтырушылар штабының да, қазақстандық жанкүйерлердің де наразылығына қарамастан, ескі әнұран толық орындалды.
Qazsport телеарнасының комментаторы бұл жекпе-жек алдында қазақстандыққа әдейі қысым көрсетудің бір жолы болуы мүмкін деген пікір білдірді.
Әлімханұлы орта салмақтағы WBO және IBF титулын қорғайды. Ал Михайлович тек IBF титулына үміткер, егер қазақстандық жеңілсе, WBO белбеуі бос қалады.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салат, түрлі ассорти, стейк, жеміс пен десерт қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар

