Жәнібек Әлімханұлының ағзасына тыйым салынған зат қалай түскені анықталды

Жәнібек Әлімханұлының ағзасынан тыйым салынған зат қалай түскені белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан кәсіби бокс федерациясының мәліметінше, тыйым салынған зат спортшыға ауырған кезде шұғыл түрде ауруханаға жүгінген сәтте тағайындалған "Репронат" препараты арқылы түскен.
Кейін белгілі болғандай, аталған дәрінің құрамында мельдоний бар екені анықталған.
Бұл жөнінде федерация президенті әрі тәртіптік комиссия басшысы Рахымжан Ерденбеков хабарлады.
Оның айтуынша:
5 сәуірдегі жекпе-жектен кейінгі кезеңнен бастап допинг-сынама тапсырғанға дейінгі барлық хронология зерттелген;
Мельдоний медициналық мекемеде шұғыл ем қабылдау кезінде берілген препарат құрамынан шыққан;
Дәрі Қазақстанда заңды түрде сатылады және айналымына тыйым салынбаған;
Ем тағайындаған дәрігер спорттық медицина маманы емес және VADA талаптарын білуге міндетті болмаған.
Федерация өкілдері спортшы тыйым салынған затты әдейі қолданбағанын және препарат құрамында мельдоний бар екенін білмегенін атап өтті.
Допинг дауынан кейін Жәнібек Әлімханұлы бір жылға бокстан шеттелді
Допинг дауына іліккен Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық белбеулерін сақтап қалды
Сондай-ақ ем қабылдау кезінде боксшы оқу-жаттығу жиынында болмаған және жекпе-жектің нақты күні бекітілмеген.
Қорытындылай келе мельдоний спортшы ағзасына медициналық ем барысында берілген препарат арқылы байқаусызда түскені анықталған.
Қазақстандық ер адам Көк төбедегі қымбатшылыққа шағымданды: Саябақтың иесі кім және неліктен бағалар жоғары?