Жәнібек Әлімханұлы жеңілмеген жаңазеландиялық қарсыласын көкала қойдай етіп сабады
Жәнібек Әлімханұлы жеңілмеген жаңазеландиялық қарсыласын көкала қойдай етіп сабап, ауыр нокаутқа жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/nolimit_aus/
Лас-Вегаста екі чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек алдында салмақ өлшеу сәтінде есінен танып, ауруханаға түскен Әлімханұлы Андрей Михайловичке (21-1, 13 КО) қарсы екінші жекпе-жегінде жарқын жеңіске жетті. Аустралияның Сидней қаласында өткен жекпе-жекте отандасымыз әр раунд сайын қарсыласына ауыр соққыларын дарытып, ақыры 9 раундта қарсыласын сұлатып салды. Сөйтіп Әлімханұлы IBF тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуін сақтап қалды.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович 14 шілдеде Лас-Вегаста (АҚШ) жұдырықтасуы керек еді. Бірақ отандасымыз салмақ қуу кезінде есінен танып, ауруханаға түсіп қалғандықтан, кездесу өтпеді. Әлімханұлы соңғы рет 2023 жылы қазанда шаршы алаңға шыққан еді.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті

