Жәнібек Әлімханұлы WBA чемпионымен күш сынасуы мүмкін

Орта салмақта WBO және IBF белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) биылғы жылдың соңында қос чемпиондық атағын біріктіру мүмкіндігіне ие болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оның қарсыласы – WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы кубалық Эрисланди Лара (31-3-3, 19 KO).
Бұл жекпе-жек 6 желтоқсанда АҚШ-та өтетін ірі бокс кешінің басты оқиғаларының бірі ретінде жоспарланып отыр. Қазақстан уақытымен айқас 7 желтоқсан күні таңертең көрсетіледі. Кештің бағдарламасында Айзек Круз бен Ламонт Роуч кіші арасындағы жекпе-жек те бар.
Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет 5 сәуірде Астанада рингке шығып, француз Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутпен жеңген еді.
Ал Эрисланди Лара 2023 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен айқаста америкалық Дэнни Гарсияны мерзімінен бұрын тоқтатып, жеңісіне жеткен болатын.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен

