"Жаңбырдың арты қарға ұласады": Қазгидромет қараша айына ауа райы болжамын жариялады

Фото: Ru.freepik.com
“Қазгидрометтің” болжамына сәйкес, қараша айының басында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз болады. Бұл солтүстіктен циклондардың көшуімен байланысты болмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Елдің солтүстік жартысында, орталығында және шығысында жаңбыр жауып, арты қар мен боранға ұласады. Батыс өңірде де айдың басында жауын-шашын болады. Мұндай ауа райы қарашаның екінші және үшінші онкүндігінде қайталанады.
Бір ай бойы жел күшейіп, көктайғақ пен тұман болады. Республиканың солтүстігінде, орталық және шығыс өңірлерінде боран соғады.
Қарашаның бірінші онкүндігінде:
Батыс өңірлерде түнгі температура +2…+7°С-тен -2…-7°С-ке дейін, күндіз +3…+10°С пен +10…+18°С аралығында өзгереді. Онкүндіктің соңында күндізгі ауа температурасы +15…+25°С-қа дейін жылынады.
Солтүстікте, орталықта және шығыста онкүндіктің ортасына қарай түнде -7…-15°С-қа дейін, күндіз -2…-10°С-қа дейін суытады. Онкүндіктің соңында ауа температурасы аздап көтерілсе, тек шығыста төмен ауа температурасы сақталады,
Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа райы тұрақсыз болады. Түнде 0…-5°С, таулы аудандарда -13°С-қа дейін, күндіз 0…+8°С шамасында болады. Алайда 7 қарашадан кейін күн едәуір жылынады, сынап бағанасы күндіз +5…+15°С дейін көтеріледі.
Қарашаның екінші онкүндігінде ауа температурасы түнде 0…-5°С-тен -10…-18°С-қа дейін, күндіз 0…+5°С пен 0…-8°С аралығында ауытқиды.
Үшінші онкүндікте ауа температурасы түнде -15…-20°С, күндіз -3…-10°С дейін төмендейді.
Батыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста айдың екінші және үшінші онкүндігінде түнгі ауа температурасы -3…-12°С пен 0…+7°С аралығында, ал күндіз +1…+6°С-тен +8…+18°С дейін өзгереді. Оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында аяз түнде -5…-15°С, күндіз -1…-6°С дейін күшеюі мүмкін.
Жалпы қараша айында ауа температурасы ел бойынша климаттық нормадан 1°С жоғары болады деген болжам бар.
Жауын-шашын мөлшері Қазақстанның көп бөлігінде, атап айтқанда Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Павлодар, Абай облыстарының шығысы, Атырау мен Маңғыстау облыстарының батысы және Қостанай облысының солтүстік-шығысы норма шамасында, ал батыста және солтүстік-шығысында ауа температурасы нормадан жоғары болуы ықтимал.
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді