Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңбыр жауып, жел күшейеді: Қазақстанда алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстанда алдағы 21-23 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: istockphoto.com

Қазақстанның батысында және солтүстік-батысында түнде үсік жүреді деп болжанады. 

Алдағы демалыс күндері еліміздің батысында және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 22 қыркүйектен бастап еліміздің батысына Скандинавия аумағынан келген антициклон тарала бастайды, бұл жауын-шашынның тоқтайтынын білдіреді. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болып, батыста, солтүстік-батыста және орталықта топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді деп болжанған.


"Температура әдеттегіден төмен болады": Синоптиктер Қазақстан бойынша күзге арналған ауа райы болжамын жариялады


Күндіз республикадағы ауа температурасы батыста +20+25°С-тан +15+20°С-қа дейін, солтүстікте +17+22°С-тан +8+18°С-қа дейін төмендейді деп болжанады, ал қалған аумақтарда ауа-райының күрт өзгерістері күтілмейді.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда қыркүйек айына арналған ауа райы болжамы жарияланған еді.

Талқылау