Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жаңбыр мен қар жауады": Елімізде алдағы апта ауа райы қандай болады

Синоптиктер Қазақстан бойынша наурыздың аяғы мен сәуірдің басына арналған ауа райы болжамын жариялады. Ел аймақтарының басым бөлігінде жауын-шашын қар жауады деп болжануда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото pexels.com

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдер мен циклон әсерінен ауа-райының тұрақсыз сипаты, жауын-шашын болжанады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын: жаңбыр, қар болмақ. Сондай-ақ, оңтүстікте тұман, оңтүстік шығыста найзағай, солтүстік батыста, солтүстікте, орталықта-көктайғақ болжанды.

Астанада синоптиктердің болжамы бойынша, 30 наурыздан 2 сәуірге дейін елордада қар мен жаңбыр жауады. 3-5 сәуір аралығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 5 сәуірге жақын ауа температурасы күндіз 15 градустан жоғары болады. Түнде де +2-4 градусқа жылынады.

Алматыда наурыздың соңғы күндерінде жаңбыр жауады деп болжануда. Кейін жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Ауа температурасы күндіз 9-дан 17 градусқа дейін нөлден жоғары болады.

Шымкентте жауын-шашын арасында жаууы мүмкін. Күндіз ауа температурасы шамамен 20 градус, түнде 2-ден 9 градусқа дейін болады.

Ақмола облысында 31 наурызда жаңбыр, қар, көктайғақ күтіледі. Ауа температурасы 31 наурызға қараған түні 5-10 градус аяз, содан кейін 0-5 аяздан 0-5 градусқа жылынады. Күндіз біртіндеп 2-7-градустан 12-17 градусқа дейін, облыстың оңтүстігінде 20 градусқа дейін көтеріледі. Сондай-ақ, алдағы күндері қар, жаңбыр, көктайғақ, тұман және жел секундына 15-20 метрге дейін көтеріледі деп болжануда.

Алматы облысында 31 наурызда түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады. Облыстың тау бөктеріндегі аудандарында қатты жауын-шашын болады. Сәуірде синоптиктер жауын-шашын, желдің күшеюі секундына 15-20 метрді құрайды деп болжайды. Температураның біртіндеп 20 градусқа дейін көтерілуі күтілуде.

Түркістан облысында 31 наурызда тұман күтіледі. Сәуір айында таулы аймақтарда қысқа мерзімді жаңбыр, қатты жел күтіледі. Солтүстік - шығыстан секундына 8-13 метр жел соғып, оңтүстік-шығысқа алмасады. Түнде ауа температурасының біртіндеп көтерілуі болжанған.

Батыс Қазақстан облысында 31 наурызда қар, жаңбыр және тұман күтіледі. Сәуірде кейде жаңбыр жауады, жел күшейеді деп күтілуде. Күндіз ауа температурасы біртіндеп 13-18 градусқа жетеді.

Атырау облысында 31 наурызда жаңбыр мен тұман болады. Сәуірде синоптиктер секундына 9-14 метр, екпіні секундына 15-20 метр болатын желдің күшеюін болжады. 5 сәуірге жақын ауа температурасы 20 градусқа жетуі мүмкін.

Маңғыстау облысында 31 наурызда найзағай болады. Сәуір айының басында тұман мен жел күшейеді деп күтілуде. Ауа температурасы көтеріледі.



Ақтөбе облысында 31 наурызда жаңбыр жауады, 1 сәуірде қар жауады. Түнде көктайғақ болады. Желдің күшеюі де мүмкін. Ауа температурасы көтеріледі.

Қостанай облысында жаңбыр жауады, 1 сәуірде жаңбыр мен қар жауады. Синоптиктер желдің секундына 15-20 метрге дейін көтерілуін және қысқа мерзімді аязды болжайды.

Солтүстік Қазақстан облысында қар мен жаңбыр жауады деп күтілуде. Кейде көктайғақ. 31 наурыздан 5 сәуірге дейін түнде облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болады. Желдің күшеюі мүмкін. Ауа температурасы көтеріледі.

Павлодар облысында 31 наурызда түнде облыстың шығысында жауын-шашын: жаңбыр, қар, көктайғақ болжанды. Сәуір айының басында жаңбыр жаууы мүмкін. Тұман болып, ауа температурасы 5 сәуірге дейін күндізгі уақытта 20 градусқа жетуі мүмкін.

Қарағанды облысында 31 наурызда түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр, қар, көктайғақ болады. Сәуір де қар мен жаңбырдан басталады. Желдің екпіні секундына 20 метрге жетуі мүмкін. Ауа температурасы көтеріледі.

Ұлытау облысында тұман күтілуде. 2 сәуірде жаңбыр мен қар жаууы мүмкін. Желдің секундына 15-20 метрге дейін күшеюі де болжануда.

Шығыс Қазақстан облысында 31 наурызда облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, қар, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Сәуірде жаңбыр жауады, қар жаууы мүмкін.

Абай облысында 31 наурызда облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын, жаңбыр, қар болжанған. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Сәуірде қар жауады деп болжануда. Сондай-ақ, синоптиктер секундына 9-14 метр, кейде секундына 15-20 метр желдің күшеюін болжайды. Облыстың оңтүстігінде ауа температурасы күндіз 20 градусқа дейін жетуі мүмкін.

Қызылорда облысында алдағы күндері жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Секундына 9-14 метрге дейін оңтүстік-шығысқа ауысатын жел болжанған. Түнде ауа температурасының біртіндеп көтерілуі 0-5 аяз 5-10 градусқа дейін, күндіз 8-13-тен 18-23 градусқа дейін болады.

Жамбыл облысында 31 наурызда түнде оңтүстікте, шығыста, облыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар жауады, күндіз де жаңбыр жауады. Сәуірде мұнда да жел күшейеді деп күтілуде. Ауа температурасы көтеріледі.

Талқылау